
Астана қаласында 2026 жылдың 1–6 наурыз аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бочча» спорт түрінен ашық республикалық турнир өтті.
Аталған жарыс Қазақстанға бұл спорт түрін алғаш енгізген Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.
Сарқан өңірінің спортшылары Жетісу облысының құрамасы сапында өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті:
Чаек Анель — І орын
Прищепа Элина — І орын
Ерәлі Салам — ІІ орын
Бұл — Cарқандық спортшылардың табанды еңбегі мен қайсар рухының айқын дәлелі. Өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістікке жеткен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!