Омарова Айнагүл Есболатқызы Бақалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды

Омарова Айнагүл Есболатқызы Бақалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды

2026 жылғы 1 наурыз күні Сарқан ауданында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес Бақалы ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Омарова Айнагүл Есболатқызы Бақалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев жаңадан сайланған әкімді тұрғындар алдында таныстырып, алдағы кезеңге бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

Атап айтқанда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын бақылау, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

Омарова Айнагүл Есболатқызы 1981 жылы Сарқан ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы және Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы жүйесінде бастап, кейін Бақалы ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарған.

Жиын барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұратбек Қасымбекұлы жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлігін салтанатты түрде табыс етті.