Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шара жастардың экологиялық сауатын арттыру, тазалықты тұрақты әдетке және өмірлік ұстанымына айналдыру мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сарқан ауданында өткен кездесу барысында «Sarqan jastary» филиалының жетекшісі Бауыржан Жантасов экологиялық сананы қалыптастырудың нақты тетіктеріне тоқталды:
- Алдағы уақытта «Taza Time» қозғалысын тұрақты насихаттап, тазалық акцияларын жиі өткізу – біздің ортақ міндетіміз. Сіздердің әрқайсыңыздың осы шараларға белсенді қатысуларыңыз қоғамға оң ықпал етіп, жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатыны анық. Ең бастысы, «Таза ой – таза орта - таза болашақ» қағидасын ұстанып, тазалықты өмір салтымызға айналдырайық, - деді ол.
Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қатысушылар ашық пікір алмасты, өз ұсыныс-тілектерін білдірді, тазалықты өмір салтына айналдыру туралы ортақ үндеу қабылданды.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді «Sarqan jastary» филиалы ұсынды.