«Сарқан өнерпаздар театрына» «халықтық» атақ берілді

«Сарқан өнерпаздар театрына» «халықтық» атақ берілді

Алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес Сарқан өнерпаздар театры ұжымына «Халықтық» атағы берілді. Бұл мәртебе – шығармашылық ұжымның кәсіби деңгейі жоғары, халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетуде үздік нәтижелерге қол жеткізгенін білдіретін ең жоғары мәдени атақтардың бірі.

Өнер ұжымы 2019 жылы кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Мерекеұлы Мерекенов бастамасымен Сарқан ауданы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған.

Аталған мәртебелі атақ Талдықорған қаласында өткен Жетісу облысының мәдениет үйлері мен клубтарының 2025 жылғы қорытынды жиналысы барысында салтанатты түрде табысталды.

«Халықтық» атақтың берілуі – театр ұжымының шығармашылық ізденісіне, сахналық мәдениетті дамытудағы еңбегіне және ұлттық өнерді дәріптеудегі табысты жұмысына берілген жоғары баға. Сонымен қатар, бұл – аудан мәдениетінің әлеуетін көрсететін маңызды жетістік.

Сарқан өнерпаздарының бұл жетістігі – аудан мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, жас өнерпаздарға үлгі болары сөзсіз.