Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

        Будапештт 2005 жылы 14-17 қыркүйекте  өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген  Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (АСЕЕЕО) бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді.

      Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздеді. Осы күнді өткізудің басты міндеттері-қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.

     Осы мерекеге орай Сарқан ауданында мынандай бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Сарқан аудандық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай жуырда жоғарғы сынып оқушылары, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен шахмат турнир өткізсе, УСК мүшелерімен дебат ұйымдастырды. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен «АСК төрағасымен бір күн» кездесу өтті.

     04.02.2026 жылы «Мейірлі» ҚБ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өкілдерімен «Сайлау просеціндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары» ситуациялық тренинг 05.02.2026 жылы АСК, УСК, ОСК өкілдерімен Сайлау күніне байланысты мерекелік іс-шара өткізді.