Сарқанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған салтанатты шара өтті

Сарқанда Дүниежүзілік сайлау күніне арналған салтанатты шара өтті

Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде әлем елдерінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Атаулы күн аясында Сарқан ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунысов, Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Интенгенов Замир Рафикович, сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунысов және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұратбек Қасымбекұлы Естеуов сайлау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мамандарға алғыс хаттар табыстады.

«Сайлау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету – мемлекет тұрақтылығының негізгі кепілі. Бұл бағыттағы сіздердің еңбектеріңіз аса маңызды», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы.

Шара соңы өңір өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.