Сарқан ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі жиналыс өткізді

Сарқан ауданы әкімі аппаратының  Әдеп жөніндегі уәкілі жиналыс өткізді

Шатырбай және Қарабөгет ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдіснамалық жиын өткізілді.

Жиналыс  барысында Сарқан ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Мырзабаева өз баяндамасында әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс екендігін, тек қана қызмет бабында оң имиджін қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар қоғамдық орындарда өзін ұстануы, сөз сөйлеуі, тұрып-жүруі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі түсіндірілді.