Қарашыған ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қарашыған ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қарашыған ауылдық округіне қарасты Мұқан Төлебаев ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның іске қосылуымен құттықтады.

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктте ауыл тұрғындарына жедел медициналық көмек, біріншілік медициналық-санитарлық қызмет, сондай-ақ акушерлік көмек көрсетіледі. Нысан ана мен бала денсаулығын қорғауға, аурудың алдын алуға және тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына бағытталған.

Аталған медициналық пункт 700-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, тұрғындардың аудан әкімімен кездесуде көтерген мәселелері негізінде биыл округте өрт сөндіру бекеті мен балалар ойын алаңқайы салу жоспарлануда.