
Енді сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінім беріп, электрондық шартты «ҚТК» АҚ порталы арқылы рәсімдеуге болады. Бұдан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжаттар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жүйесіне автоматты түрде жолданады.
Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.