
Қойлық ауылында шаңғы спортынан аудан біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа Сарқан ауданының ауылдық округтерінен келген спортшылар қатысып, бәсеке ерлер мен әйелдер арасында 6 жас санаты бойынша өткізілді.
Іс-шараның ашылу салтанатына Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Байгунысов Алмас Ажарханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Өз сөзінде ол: «Бұл жарыс – облыстық чемпионатта аудан намысын қорғайтын спортшыларды анықтайтын маңызды кезең. Қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталып, Жетісу облысының чемпионатына жолдама алды.
Айта кету керек, аталған чемпионат 30 қаңтар күні Сарқан ауданында өтеді.