Сарқан ауданында 9 айда 541 сәби дүниеге келген

Сарқан ауданында 9 айда 541 сәби дүниеге келген

Саялы Сарқан ауданында ағымдағы жылдың 9 айында 541 сәби дүние есігін ашқан деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол үшін аудандық ауруханда 25 ақ халатты абзал жан күн-түн демей қызмет етуде. Жаңа ашылған аурухананың перзентхана бөлімі бүгінде 20 төсек-орын бар.

«Біздің ауруханаға келетін жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған нәрестелерге мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа заманауи қондырғылар алынуда.

Сонымен қатар, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында шет елдерге жіберіп тұрамыз. Осының арқасында дәрігердің тәжрибесі артып, дені сау сәбидің келуіне өз септігін тигізетіні анық» - деді, аудандық аурухананың бас дәрігері Алтай Қамиұлы.

Айта кеткен жөн, ауданымызға биылғы жылы 2 жас акушер - гинеколог дәрігер жұмысқа кірген.