Сарқан ауданында «Заң мен тәртіп» стелласы орнатылды

Сарқан ауданында «Заң мен тәртіп» стелласы орнатылды

Сарқан ауданында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» атты көрнекі стелла орнатылды.

Аталған стелла «Алматы–Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 451-шақырымында, Қойлық және Бақалы ауылдарының маңында, қауіпті аймаққа орналастырылған.

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Жолдағы әрбір белгі мен ескерту адам өмірін сақтауға бағытталған. Сондықтан мұндай көрнекі нысандар жүргізушілердің сақтығын арттырып, тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді аудан әкімі, – дейді аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы.

Биіктігі – 2 метр, ұзындығы – 25 метр, 12 әріптен тұратын жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.

Көрнекі стелла күн сәулесінен энергия жинап, түнгі уақытта жарық шамдарымен ерекше көзге түседі. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің назарын арттырып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпек.