Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы Сарқан ауданына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы Сарқан ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Сенат депутаты ауданның денсаулық сақтау саласына қатысты медициналық инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысып, сала мамандарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Сапар аясында Абай ауылында жаңадан салынған блокты-модульді медициналық пункттің жұмысымен танысып, нысанның тұрғындар үшін қолжетімділігі мен тиімділігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Сенат депутаты Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлымен Балқаш көлі жағалауын дамыту жоспарлары және көл жағалауында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы пікір алмасты. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру, жағалау инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудандық аурухана тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.