Жомарт Игіман оқулары – жас таланттарды бір арнаға тоғыстырған әдеби шара

Жомарт Игіман оқулары – жас таланттарды бір арнаға тоғыстырған әдеби шара

Бүгін, көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жомарт Мақатұлы Игіманның туған күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте ақын атындағы кабинеттен бастау алған дәстүрлі Жомарт Игіман оқулары өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Таңдайына сәруар сөз ұялаған» атты жас ақындар мен көркемсөз оқушылары байқауына аудан мектептерінен 12 дарынды оқушы қатысып, өнердегі талғамын, өлеңге деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, Жомарт Игіманның өмір жолы мен шығармашылығы жастар үшін өнеге екенін атап өтті.

Байқау барысында үміткерлер ақынның бір өлеңін және өз шығармашылығынан туындысын жатқа оқып, поэзияға қатысты эсселерін ұсынды. Қазылар алқасы қатысушылардың көркем оқу мәдениетін, тіл тазалығын, дауыс мәнерін және сахнадағы өзіндік болмысын бағалады.

Нәтижесінде байқаудың үздіктері анықталып, жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Әдебиетке құрмет көрсетіп, ақын мұрасын жаңғыртқан бұл игілікті шара жас буынға рухани серпін берді.