Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы Екіаша ауылында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің сапасын тексерді

Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы Екіаша ауылында салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің сапасын тексерді

Сарқан ауданында биыл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арнап 65 жаңа баспана салынуда. Құрылыс жұмыстарының бір бөлігі аяқталып, қолданысқа беруге дайын, ал қалған үйлерде құрылыс қарқынды жалғасуда.

Ерекше атап өту керек бұл — Тәуелсіздік алған жылдан бері өңірде ауылдық елді мекендерде кезекте тұрған азаматтарға арналған алғашқы ауқымды тұрғын үй жобасы.

Бүгін, аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы Екіаша ауылында салынып жатқан 18 үйдің құрылыс барысын көрді. Аудан басшысы сапа мен мерзімнің маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Әлеуметтік осал топтарға және тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға баспана беру — аудан үшін маңызды міндет. Құрылыс сапасы мен уақытылы аяқталуы әрқашан басты назарда болады. Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам», — деді аудан әкімі.

Жаңа үйлер Екіаша ауылынан бөлек Черкасск, Ақтұма, Қарғалы, Қойлық, Аомалы ауылдары мен Сарқан қаласында да салынуда.