
Жиында, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы жылға жоспарланған жобалар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында тұрғындар электр қуатының әлсіздігі, балалар үйірмелеріне арналған нысан қажеттігі, жаяу жүргіншілер жолын салу, жас мамандарды тұрғын үймен қамту және көше жарықтандыруын арттыру сияқты мәселелерді көтерді. Аудан әкімі барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшылары мен жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
«Қазақтың тамыры ауылда» деген мемлекет басшысы ауылдардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Біз де өз кезегімізде өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеміз», – деді аудан әкімі.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, көтерілген мәселелерді шешу бағытында нақты жұмыстар жалғасатыны атап өтті.