
Кездесу барысында өңірде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы жан-жақты баяндалды.
Тұрғындар жол салу, жас мамандарға арналған тұрғын үй қажеттілігі, электр желілерін жаңарту, жаңа саябақ салу, ойын алаңқайын орнату секілді сұрақтарын көтерді. Аудан басшысы әрбір сұрақты мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуін қамтамасыз етуді жүктеді.
«Өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты мақсатымыз. Алға қойылған жоспарларымызды жүйелі түрде бақылауда ұстап, кезең-кезеңімен іске асырып келеміз», – деді аудан әкімі.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.