
Сарқан ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Жетісу облысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қобылан Тоқбергенұлы Манап мемлекеттік қызметшілерге кәсіби этика, заң талаптары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынға аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, қала және ауылдық округтер әкімдері, бөлімдер мен мекемелер басшылары қатысты.
Кездесуді қорытындылай келе, Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев арнайы келген Қобылан Тоқбергенұлына атынан алғыс білдіріп, жұмысына толағай табыс тіледі.
Мұндай шаралар адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет мәдениетін нығайтуға зор үлес қосады.