
Өрт қауіпсіздігі – әрбір мекеме мен ұйымның, өндіріс пен білім беру нысандарының, тұрғын және әкімшілік ғимараттардың басты талаптарының бірі. Өрттің алдын алу, адамдардың өмірі мен мүлкін қорғау – бұл тек өрт сөндірушілердің емес, барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Нысандарда өрттің шығуына көбіне электр желілерінің ақауы, жылу құрылғыларының дұрыс қолданылмауы, өртке қарсы ережелердің сақталмауы себеп болады. Сондықтан әрбір қызметкер мен басшы өрт қауіпсіздігі талаптарын нақты білуі және қатаң сақтауы тиіс.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысандарда келесі шаралар жүзеге асырылуы қажет:
Ғимараттың эвакуациялық жолдарын бос ұстау және апатты жағдайда шығу жолдарының белгілерін орнату.
Сонымен қатар, нысандарда өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейдтер, түсіндіру жұмыстары және оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұруы тиіс.
Өрттің алдын алу – өз өмірімізге, ұжымымыздың амандығына деген қамқорлық. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы үлкен апаттың алдын алуға болады.
Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қабдешов Әділет Мұратұлы