Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтік төлем Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетінін білесіз бе? Ол қандай жағдайда төленеді және оған өтінішті қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегідей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтініш берудің бірнеше жолы бар: 🔑Egov.kz порталы арқылы 📌Порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теріңіз 📌Қызметті онлайн сұратыңыз 📌Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды 📌Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растаңыз 📌ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз 📌Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз. 🔑ХҚО арқылы 📌ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз 📍ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз 🔑Жұмыспен қамту орталығы арқылы Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады. ☝️Ескерту, жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек. 📍Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады 📍Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады 📍Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады Іске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз🙏