Жобаның мақсаты – ауылдық жерлердегі балалардың спортқа қолжетімділігін арттыру, дені сау әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатта елдің әр өңірінде спорт залдары мен секциялар ашылып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалуда.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы, сондай-ақ “Батыр боламын” қорының негізін қалаушылар Уахап Арман Балкенұлы, Уахап Асыл Балкенұлы және қор президенті Сәбікенұлы Ернұр қатысып, жобаның маңызын атап өтті.
Залда бокс, күрес, және жаттығу құралдары қарастырылған. Бұл ауыл жастарының спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.