Сарқан ауданында дәстүрлі «Сарқан бөрісі» турнирі өтті. Тартысты бәсекеде Аманбөкетер ауылының палуаны Қайролда Темірлан қарсыластарын қапы қалдырып, бас жүлдені жеңіп алып, «Сарқан бөрісі» атағын иеленді.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, балуандарға қолдау көрсетті.
Сайысқа ауданымыздың барлық округтерінен 10-нан аса сайдың тасындай палуандар қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
Белдесу нәтижесінде:
1 Қайролда Темірлан (Аманбөкетер ауылы)
2 Мұратхан Ернар (Сарқан қаласы)
3 Құрмансейітов Адай (Алмалы ауылы)
Айта кетейік, Талдықорған қаласында өтетін «Жетісу бөрісі» додасында Қайролда Темірлан Сарқан ауданының намысын қорғайды.
#Сарқан #СарқанБөрісі #Жетісубөрісі