“Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясындағы сенбілікке Сарқандықтар белсене қатысты

“Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясындағы сенбілікке Сарқандықтар белсене қатысты

“Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында Сарқан ауданында күзгі сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін аудан орталығындағы “Қойтас” саябағында сенбілік ұйымдастырылып, саябақ аумағы тазартылды.

Шара барысында арықтар тазаланып, ағаштарға күтім жасалды, қураған жапырақтар шығарылды. Тазалық жұмыстарына шамамен 70-ке жуық адам және 2 техника жұмылдырылып, мекеме қызметкерлері белсене атсалысты.

Бұл шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары үшін таза, жайлы әрі әсем орта қалыптастыру.

🌱 “Таза Қазақстан” – ортақ үйімізді таза ұстауға бағытталған игі бастама!