Сарқанда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары бойынша жиын өтті

Сарқанда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары бойынша жиын өтті

Бүгін Сарқан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, партия өкілдері, мекеме басшылары мен жастар қатысты .

Кездесуде Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев сөз сөйлеп, Жолдауда айқындалған 7 басым бағыттың аудан дамуымен байланысын нақты мысалдармен атап өтті .

✅ Инвестиция тарту: 2022-2024 жылдары құны 39,8 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 110 жаңа жұмыс орны ашылды.
✅ Өңдеу өнеркәсібі: Соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 есе өскен.
✅ Ауыл шаруашылығы: 2022-2024 жылдары 42 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды. Қазіргі таңда су үнемдеу технологиясы 149 гектарға енгізілді.
✅ Көлік-логистика: Биыл Молалы айналмасынан Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жол қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Ауданда туристік инфрақұрылым дамып келеді.
✅ ТКШ және инфрақұрылым: Сарқан қаласында жаңа көпқабатты үйлер салынуда, ауылды жерлерде 60 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қала тұрғындарын толғандырған ауыз су мәселесі бойынша 189 млн теңгеге жөндеу жұмыстары басталды.
✅ Кәсіпкерлік: Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3621-ге жетіп, ондағы жұмыспен қамтылғандар 6397 адамға артты.
✅ Әлеуметтік сала: Ауданның бірнеше ауылында жаңа медицина нысандары бой көтеруде, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асуда.

Аудан басшысы мемлекет басшысының жолдауын іске асыруда жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.