Талдықорған - Семей бағытында жолға аттанған велоспортшы Бақытжан Бектенов Сарқанға жетті

Талдықорған - Семей бағытында жолға аттанған велоспортшы Бақытжан Бектенов Сарқанға жетті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өз бастамасымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласынан Абай облысы, Семей қаласына дейін велошеруге шыққан триатлоннан 5 мәрте «Темір адам» атанған Бақытжан Бектенов Сарқан қаласына аялдады.

Салауатты өмір салтын насихаттап, ұлы ақынның рухына тағзым етуді мақсат еткен спортшыны аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы, аудан жастары мен еріктілер тобы салтанатты түрде қарсы алып, сапарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Бақытжан Бектенов – акватлон, дуатлон және триатлоннан Қазақстан, Қырғызстан және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол бұл сапары арқылы жастарға өнеге, қоғамға серпін беруді көздейді.

Темір ерік пен тағзымға толы сапарыңызға сәттілік, Бақытжан аға!