9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Сарқан ауданында салтанатты шара ұйымдастырылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асқат Мейрамғалиұлы сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, су шаруашылығының өңір дамуындағы маңызды рөлін атап өтті.
Мерекеге орай бірқатар мамандар мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Құрмет» ордені, «Су шаруашылығының үздігі» медалі мен «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар, министрлік, облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасы мен мекеме атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар берілді.
Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан «Сарқанирригация» мекемесі үш бөлімше арқылы 30 мыңнан астам гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Онда 60-қа жуық қызметкер еңбек етеді.
Саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарға көрсетілген бұл құрмет – олардың кәсіби шеберлігі мен жауапты еңбегінің айғағы.