Сарқандық жасөспірімдер Азия чемпионатында топ жарды

Сарқандық жасөспірімдер Азия чемпионатында топ жарды

Астана қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында сарқандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

17 жастағы Алихан Аскербай 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш алтын медаль жеңіп алып, бірден алты рекорд орнатты – үш әлемдік және үш азиялық. Рывок жаттығуында 141 келі, жұлқа көтеруде 169 келі нәтижесін көрсетіп, қоссайыста да әлем және Азия рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, сарқандық Ақжол Құрманбек 343 келі (151+192) нәтижемен күміс медальға ие болды.

Жүлдегер спортшыларды Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы, ардагерлержәне аудан тұрғындары салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.

Жаттықтырушы: Жаманқыз Нұрболат

Сарқан ауданы спортшыларына жарқын жеңістер мен жаңа табыстар тілейміз.