Сарқан ауданының құрметті азаматы Оралхан Дәуітовке арналған кітаптың тұсауы кесілді

Сарқан ауданының құрметті азаматы Оралхан Дәуітовке арналған кітаптың тұсауы кесілді

Сарқан ауданында елге еңбегі сіңген, көп жылдық қоғамдық қызметімен танылған, партия, кеңес, білім және ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Оралхан Оразбайұлы Дәуітовке арналған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жомарт Игіманның «Өткен күндер. Өшпес сәттер…» атты естелік жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев арнайы қатысып, тұсаукесер лентасын қиып, ардагер азаматтың ел алдындағы еңбегін ерекше атап өтті. Шара барысында аудан басшысы Оралхан Оразбайұлы мен Жеңіс Әбілмансұрқызына алғыс хатын табыстап, сый-құрметін көрсетті.

Кітапта Оралхан Оразбайұлының өнегелі өмір жолы, елге сіңірген қызметі мен адами болмысы баяндалған. Өмір белестері, естеліктер мен замандастарының ой-толғамдары арқылы өрілген бұл жинақ – бір адамның тағдырымен қатар, тұтас бір дәуірдің тынысын танытатын тағылымды туынды.

Шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ағамыздың туыстары мен әріптестері қатысты.