Сарқан ауданында үй кезегіде тұрған ауыл тұрғындарына жаңа үйлер салынуда

Сарқан ауданында үй кезегіде тұрған ауыл тұрғындарына жаңа үйлер салынуда

Сарқан ауданының ауылдық округтерінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 50 жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл — Тәуелсіздік алған жылдан бері өңірде ауылдық елді мекендерде кезекте тұрған тұрғындарға арналған алғашқы ауқымды тұрғын үй жобасы.

Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев Қойлық ауылында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын көріп қайтты. Қазіргі таңда жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Аудан басшысы сапа мен уақытылы аяқталу мәселесінің аса маңызды екенін атап өтті:
«Әлеуметтік осал топтарға және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана беру — аудан үшін маңызды міндеттердің бірі. Құрылыс сапасы мен уақытылы аяқталуы басты назарда болады. Бұл — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам», — деді Ғалымжан Қанатұлы

Жаңа тұрғын үйлер Қойлық ауылынан бөлек, Черкасск, Ақтұма, Қарғалы және Екіаша ауылдарында да салынатын болады.