Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы “Алтын белгіге” үміткер түлектермен кездесті

Аудан әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы “Алтын белгіге” үміткер түлектермен кездесті

Бас қосу табиғат аясында, Қойтас саябағында ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында аудан басшысы түлектердің сауалдарын тыңдап, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, еңбек жолындағы бағыт-бағдары мен ақыл-кеңестерін ортаға салды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында еркін пікір алмасты.

“Бұл кездесудің басты мақсаты – сіздерге, болашаққа қадам басқан жас түлектерге жол көрсету, тәжірибе алмасу. Еліміздің дамуы, ертеңіміздің жарқын болуы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан армандарыңыздан айнымай, білім мен еңбекті басты құндылыққа айналдырыңыздар. Білімді ұрпақ – елдің болашағы. Сіздерге сәттілік тілеймін!”,- деді аудан басшысы.

Іс-шара аясында түлектер арман-мақсаттарын қағаз бетіне жазып, оны естелік ретінде жерге көмді. Сонымен қатар, арнайы дайындалған естелік табаққа аудан әкімінің және түлектердің қолтаңбалары қойылды.

Айта кету керек, биыл Сарқан ауданының 40 мектеп бітіруші түлегі “Атлын белгіге” үміткер.