Ауыл тұрғындарымен этносаралық келісімнің маңызы және құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді.

Ауыл тұрғындарымен этносаралық келісімнің маңызы және құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбында мазмұнды кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың негізі – өзара құрмет пен түсіністік екені айтылды. Еліміздегі бірлік пен келісім саясатын жүзеге асырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысы да тілге тиек етілді. Сонымен қатар, әр азаматтың өз құқығы мен міндетін білуі – маңызды екені атап өтілді. Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы баршаға тең мүмкіндік беретінін және заңды құрметтеу – ортақ жауапкершілік екенін түсіндірдік.