Шатырбай ауылында “Заң мен тәртіп – бірыңғай тәрбие” тақырыбында кездесу өтті

Шатырбай ауылында “Заң мен тәртіп – бірыңғай тәрбие” тақырыбында кездесу өтті

Шатырбай ауылы елді мекенінде оқушылармен “Заң мен тәртіп – бірыңғай тәрбие” тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірілді. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында жастар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.