Сарқанда заңсыз қоқыс төгу орындарына қарсы және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауыспалы камералар орнатылуда
Сарқан қаласы әкімдігінің мәліметінше, қала аумағында заңсыз қоқыс төгу орындарының санын азайту мақсатында фототұзақтар орнату жұмыстары басталды.
Осылайша, белгіленбеген орындарға қоқыс тастайтын тұлғаларға заң аясында тиісті шаралар қолданылып, айыппұл салынатын болады.
Кез келген уақытта орнын ауыстыруға мүмкіндік беретін фототұзақтар қозғалыс датчигімен жабдықталған, күн энергиясымен жұмыс істейді және түнгі уақытта да түсірілім жүргізе алады.
Құрметті қала тұрғындары!
Өңіріміздің таза болуы — бұл баршамызға ортақ міндет. Сондықтан саялы Сарқанымыздың тазалығына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!