18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.

Ұлттық киімнің ең кең тараған түрі – шапан. Оның ерекше дизайны, барынша ыңғайлылығы халықтың қонақжайлылығы мен мейірімділігін  бейнелейді. Қонаққа шапан сыйлау – оған деген ыстық ықыластың белгісі ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыпқа деген құрмет.

Бұл күн – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Ұлттық киімде қолданылған маталардан біз өткен заманның сұлулығы мен болашақтағы бірегейлігімізді сақтаудың кілтін көреміз.

Бұл күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.