
Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Лепсі ауылдық округінің әкімі Ақтөре Қияс ауылымыздағы көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін тарту етті. Бұл игі іс – Наурыз мейрамының береке мен бірлікке үндейтін ізгі дәстүрінің айқын көрінісі. Осындай қайырымды шара ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар өз тараптарынан ауыл әкіміне ерекше ықылас танытқаны үшін зор алғыстарын білдірді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр шаңыраққа бақ-береке орнасын!