Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл

Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл
2026 жылдың 19 ақпан күні Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінде қазақ театр өнерінің көрнекті қайраткері, актер, режиссер Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл толуына орай “Театр төріндегі тарлан тұлға” атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Шара барысында келушілерге өнер майталманының өмір жолы, ұлттық театрдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, сахнадағы жарқын бейнелері туралы кеңінен мәлімет берілді. Экскурсия әсерлі әңгімелермен, тарихи деректермен және музей қорындағы құнды жәдігерлермен толықтырылды. Шараға №54 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысып, қазақ мәдениеті мен театр өнерінің тарихына тереңірек бойлап, тағылымды рухани азық алды.