ас мәзірі мен тамақтандыру сапасына қатысты жоспарлы тексеріс

ас мәзірі мен тамақтандыру сапасына қатысты жоспарлы тексеріс

№ 54 орта мектебінің асханасында ас мәзірі мен тамақтандыру сапасына қатысты жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясының сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және ас мәзірінің бекітілген нормаларға сәйкестігі жан-жақты қаралды. Оқушылардың қауіпсіз, сапалы және дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болып, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.