
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында оқырмандар арасында Аналар күніне орай «Ана гүл, ана – өмір шуағы» атты библио кафе өтті. Бұл күн — жүрегіміздегі ең асыл жанды құрметтейтін, ананың шексіз мейірімін ұлықтайтын ерекше күн. Дәмді дастархан басында Қазақтың ақын-жазушы қыздарының шығармалары, қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары туралы әдебиеттер қойылып, түрлі ақпараттар берілді. Әсіресе ана туралы, отбасы құндылықтары, ана мейірімі мен даналығы жайында ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.