Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 22 сәуір күні М.Мәметова атындағы орта мектептің 2,3,5 сынып оқушыларымен 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Кітап ғажайып әлем» атты әдеби кафе өтті. Әдеби кафеге келген оқырманға кітапханашы кітап мәзірін ұсынды. Шара барысында балаларға арнап қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылып, әртүрлі жанрдағы шығармалар таныстырылды. Қатысушылар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, тақпақтарын жарыса айтты. Сонымен қатар, әдеби ойындар және сұрақ-жауаптар арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылығы артты. Әр кітапты қызығушылықпен қарап, өзіне қажетті мәліметпен танысып, ұнаған кітабын оқуға алды. Мақсаты: кітап оқудың маңыздылығын насихаттау арқылы оқырмандардың білімге, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.