
🌿 Көктерек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
29 маусым күні Көктерек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар бірігіп көшелер мен қоғамдық орындардың аумағын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақыру.
Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі шаралар туған жердің көркеюіне және экологиялық мәдениеттің артуына өз үлесін қосад