
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 8 мамыр күні М. Мәметова атындағы орта мектеп оқушыларымен ,Ауған жауынгерлерімен 9 мамыр жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын- Ұлы жеңіс» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Б.Момышұлы,Ә.Молдағұлова,М.Мәметова сынды батырлар туралы кітаптары ұсынылды. Ұлы Отан соғысының тарихына, жауынгерлердің ерлігіне тоқталып, қысқаша баяндама жасады. Бүгінгі ұрпақ сол жеңіс үшін қан төккен батыр ата ,апаларымызды ұмытпай,құрметтеу керек екендігі туралы айтылды. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, бейбіт күннің құндылығы туралы ой бөлісті.