
«Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 2026 жылдың 02 сәуір күні Көктерек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысып, өздеріне тиесілі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаны абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде 50 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 3 тонна қоқыс шығарылды.