
Көктерек ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 27 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шараға ауыл аумағындағы барлық мекемелердің ұжымдары мен ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Нәтижесінде жалпы көлемі 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, арнайы орындарға жеткізілді. Бұл шара ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті.