
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында таңдалған шығарма Тағдыр кітабы тандалды соған орай Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовке «Қазақ рухының жыршысы - Қабдеш Жұмаділов» атты библио шар өтті. Шара барысында жазушының шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, өмір жолынан тағылымды деректер айтылды. Сондай-ак, шығармада қазақ халқының тағдыры, тарихи кезендердегі күрделі өмірі кеңінен суреттелгені, кейіпкерлердің өмір жолы аркылы адам тағдыры мен заман шындығы шебер байланыстырғаны айтылды. Жастар шараға ерекше қызығушылыкпен қатысып, рухани байлықтың қайнар көзін танығандай болды.