
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 20 ақпан күні оқушылармен қазақ тарихында ғана емес, бүкіл түркі әлемінде өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауиге «Ұлы дала ғұламасы» атты өмірбаянына шолу өтті. Іс-шара барысында Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаяны, еңбектері, тарихы ғасырлар тереңінен сыр шертетіні, өткен тарихымыздан бабалар салып кеткен сара жолдан ақпараттар алып, тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге, құнды мұраларға бейне шолу жасалды. Шара соңында оқушылар ұлы тұлғаның шығармаларын оқып ізденістерін жалғастыратынын айтты.