2026 жылы 19 ақпан күні Көктерек ауылдық әкімшілік ғимаратында «Зорлық зомбылықты алдын алу» тақырыбында жиын өтті.

2026 жылы 19 ақпан күні Көктерек ауылдық әкімшілік ғимаратында «Зорлық зомбылықты алдын алу» тақырыбында жиын өтті.

 

2026 жылы 19 ақпан күні Көктерек ауылдық әкімшілік ғимаратында «Зорлық зомбылықты алдын алу» тақырыбында жиын өтті. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі, қорғаныс нұсқамасы алу жолдары және сенім телефондары туралы мәлімет берілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты құқықтық түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулердің мақсаты – қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру, адам құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.