
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен көрнекті қазақстандық ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Тұңғыш ғарышкер» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, ғарыш саласына қосқан зор үлесі және ғарышқа үш мәрте жасаған сапарлары туралы кең көлемде мағлұмат алды. ғарышкердің ерлігі мен табандылығы, ғылым мен техникадағы жетістіктері жайлы әңгімелеп, оның ел абыройын асқақтатудағы рөлін атап өтті.
Оқушылар ғарыш әлемі туралы өз білімдерімен бөлісіп, қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.