
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 03 ақпан күні тұрақты оқырмандармен қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті басшысы, батыр Исатай Тайманұлына 235 жыл толуына орай «Ел тендігін аңсаған Исатай батыр» атты тарихи шолу өтті. Іс-шара барысында әділ басшы ретінде ел арасында үлкен беделге ие болғаны, ерлігі мен күресі қазақ халқының бостандыққа ұмтылған рухының символы болып қалатыны айтылды. Іс-шараға қатысқан оқырмандар батырдың ерлігі мен тарихи тұлғасына қатысты пікірлерін білдіріп, мұндай танымдық іс-шаралардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екенін айтты