
2026 жылы 11 ақпанда Көктерек ауылы М.Мәметова атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке (қудалауға) және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жеке бостандыққа құқықтың мәні мен маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық, қудалау (сталкинг), психологиялық қысым көрсету, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу әрекеттерінің заңға қайшы екендігі және ол үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шарада нақты мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, өз құқықтарын қорғау тетіктері, сенім телефондары мен құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілді. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.