
Көктерек ауылдық кітапханасында 06 ақпан күні М.Маметова атындағы орта мектептің оқушыларымен «Нашақорлық пен есірткі-бүкіл қоғамның қасіреті» атты пікір талас өтті. Шара барысында жастармен нашақорлықтың зияны туралы әңгіме жүргізіліп, жасөспірімдер мен жастардың есірткіні қолданудың жағымсыз салдары туралы толыққанды мағлұмат берді. Сондай-ақ, есірткіден бойды аулақ ұстаудың маңыздылығын ескертіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырды. Бейнеролик көрсетіліп, зиянды әдеттер туралы паракшалар таратылды.